Фото: видеодан скриншот
Астанада 20 жастағы мас жігіт Mazda маркалы автокөліктің үстіне секіріп, оған зақым келтірген. Салдарынан көліктің алдыңғы әйнегі сынған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Астана полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға Қабанбай батыр даңғылындағы автотұрақта болған.
«Полицейлер құқық бұзушыны ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза кесілді», — деп жазылған хабарламада.
Елорда полициясы өзгенің мүлкіне қасақана зиян келтіру жауапкершілікке әкелетінін еске салып, азаматтарды бір-біріне құрметпен қарауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырды.
