Ризабек Айтмұқан Ислам ойындарының финалында жеңілді

olympic.kz
Еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұқан Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ойындарының финалында парсы балуаны Амирали Азарпирамен белдесіп, есе жіберді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

97 келідегі финалдық бәсекеде чемпион атанған парсы балуаны – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. Сондай-ақ, биыл Хорватияда өткен әлем чемпионатында күміс медаль иеленген.

Отандасымыз аталған ойындардың ширек финалында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленген әзербайжандық Магомедхан Магодмедовті 122 есебімен жеңсе, жартылай финалда Олимпиада чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажудиновті 15:3 есебімен ойсырата ұтты.

Айта кететін жайт, Ризабек Айтмұқан биыл Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Сондай-ақ, күзде U23 әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.

Яндекс.Метрика