World Boxing халықаралық ұйымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ұйымның келесі президенті болатынын ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ұйымның ресми сайтында жарияланған мәлімдемеге сәйкес, GGG барлық тексерістен сәтті өтіп, президенттікке жалғыз кандидат ретінде қалған. Оны тәуелсіз тексеру комиссиясы растаған.
Бұл жаңалық қазақстандық жанкүйерлер арасында үлкен қуаныш тудырып, Головкиннің спорттағы жаңа кезеңінің басталуы деп бағаланып жатыр.
