Бүгін Астананың жартысы жарықсыз қалады

Фото: Pixabay

Бұл туралы тұрғындарға «Астана-РЭК» ескертті.  Нақтырақ айтқанда, Сарыарқа, Есіл аудандары мен Көктал елді мекеніндегі үйлер жарықсыз қалады, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.

«Астана-РЭК» АҚ 21 қараша күні жоспарлы электр қуатын өшіру туралы ескертті. Ажырату есептеу құралдарын орнату, апатты бағанды ауыстыру және ағаштарды бұтау жұмыстарына байланысты жүргізіледі.

Сарыарқа ауданы бойынша жарық сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін өшіріледі.

Электр қуаты келесі мекенжайлардағы үйлерде болмайды:

  • Затаевич көшесі, 7, 11 үй;
  • Потанин көшесі, 16, 18, 20 үй.

Сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін мамандар Ерзакович көшесі, 6 мекенжайында апатты бағанды ауыстырады және Тұрлыбаев көшесі, 15 мекенжайында ағаштарды бұтау жұмыстарын жүргізеді.

Көктал елді мекенінде де жарық өшіріледі.

Атап айтқанда:

  • Тілендиев даңғылы;
  • Ерзакович көшесі;
  • Турлыбаев көшесі;
  • Айсары көшесі;
  • Мұзбел тұйық көшесі;
  • 12-39 көшесі;
  • 12-95 көшесі;
  • Абайдың 150 жылдығы көшесі;
  • Қаражорға тұйық көшесі;
  • Арықты көшесі;
  • Радлов көшесі;
  • Ақпаев көшесі;
  • Теміржол көшесі;
  • Келешек көшесі.

Есіл ауданында жарық сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін өшіріледі.

Электр қуаты келесі мекенжайларда болмайды:

  • Орал көшесі, 8 үй;
  • Бөкейхан көшесі, 3, 5, 6, 7 үй.
Яндекс.Метрика