«Біржыныстылар еліне айнала жаздадық»: Қазақстанды ЛГБТ өкілдерінен сақтаған белсендінің жұмысы жайлы

Қоғам белсендісі Бағила Балтабаева еліміздегі гомосексуал адамдарға тоқтаусыз қарсыласып келе жатқан жанның бірі. Ол елімізде ЛГБТ өкілдерін насихаттауға мүлдем жол бермеу керек деп санайды. Qazaq.today тілшісі депутаттар жиі көтеріп жүрген мәселеге тоқталып, қоғам белсендісінің пікірін тыңдап көрді.

Алдымен гомосексуалды азшылықтар дегеніміз кімдер екенін анықтайық:

Сексуалдық азшылықтар — қоғамдағы көпшілікке тән гетеросексуалдықтан өзгеше жыныстық бағдарға немесе гендерлік ерекшелікке ие адамдар тобы, олар:

— Гомосексуал адамдар: Ерлердің еркектерге, әйелдердің әйелдерге эмоционалды немесе жыныстық тартымдылығы, яғни еркек пен еркек, әйел мен әйел жыныстық қатынаста болатын адамдар.

— Бисексуал адамдар:
Ерлер мен әйелдерге де тартымдылық сезінуі мүмкін адамдар. Яғни, еркек болса, әйелі бола тұра, еркек адаммен де қатынасқа түсе береді, дәл солай әйел де, күйеуі бола, әйелмен де қатынасқа түседі.

— Трансгендер адамдар:
Жыныстарын ота арқылы ауыстырған адамдар. Еркек әйелге, әйел еркекке ұқсас болатын тәсіл, бірақ жүз ота жасаса да, еркек еш уақытта әйел болмайды, әйел еркек бола алмайды.

— Квир (queer)
Өзін дәстүрлі гендерлік немесе жыныстық категориялармен шектемейтін адамдарға қолданылатын жалпы ұғым. Яғни, еркек те емес әйел де емес, өздерінің қалаған жынысқа жатқызатын адамдар.

— Интерсекс адамдар:
Туғаннан биологиялық жыныстық белгілері дәстүрлі «ер» немесе «әйел» түсінігіне толық сай келмейтін адамдар.
Бір сөзбен айтқанда, «гермафридит» адамдар.

«Өздерін осы топқа қосатын адамдар, неге өздерінің интимді жақтарын, істерін, қатынастарын өзара жатын бөлмелерінде жасап жүре бермейді?

Үйлерінің ішінде білгендерін жасасын, оған ешкім кедергі емес, бірақ соңғы жылдары әлеуметтік желілерде бұлар өздерінің ЛГБТ өкілдері екенін, оның ішінде ашық лесбиян, ашық гей, т.б. сан түрлі гендерлерін жария етіп айтпақ тұрмақ, тіпті лесбияндық жыныстық қатынастан «ляззат» алатындарына ант етіп, жер көкке жария етіп жүр!», — деді қоғам белсендісі. 

Осы әрекеттері қазақ қоғамы үшін жат. Деседе кейбір жастар бұны қалыпты жағдай деп санайтын түсінікте жүргені рас.

«Әлбетте, салт-дәстүрін сақтап, қазақы тәрбиені дәріптеп, Ұлт болашағаны бей-жәй қарамайтын азаматша ретінде мен де, және Халық қарсы бұған. Және сол қарсылықты барынша соңгы бес жыл бойы білдіріп, қарсыласып келеміз. Қай Ата-Ана өзінің үкілеп өсіріп отырған баласының болашағына мұндай қасіретті қалайды? Еш бір саналы Ата-Ана бұны қолдамайды, соның ішінде өзім де бармын.

Қанша жыл әрекеттерден соң, 2024 жылы петиция жарияладым, Аллаға шүкір Халық қолдап бір мезетте 50 000 адам қол жинап, петиция Үкіметке жолданды! Біржыныстыларды көп насихаттағандықтан гомосексуалдар еліне айнала жаздадық», — деді қоғам белсендісі Бағила Балтабаева.

Мәдениет министрлігі ішінара қолдап, бір жылдан астам уақыт жан-жақты толықтай зерттеліп, қорытындылап, заң жобасы Мәжіліске өтті.

Ары қарай Парламентте, Мәжіліс депутаттары екі оқылымнан мақұлдап, ЛГБТ насихатына тыйым салынатын заң жобаны Сенатқа жіберді.

«Осы орайда қолдаған Мәжіліс депутаттарына алғысымды ерекше айтқым келеді, Қазыбек Иса, Еділ Жаңбыршин, Самат Мұсабаев, Ринат Зайыт, Ардақ Назаров, Данияр Қасқарауов, Абзал Құспан, т.б. қоодаған депутаттар өз пікірлерін баса айтып, Халықтың жанайқайына тұра білді», — деді қоғам белсендісі. 

Яндекс.Метрика