«Әйелім мен балам мені қабылдамады»: Сәкен Қалымов жас кезінде жүргіш, қызқұмар болғанын мойындады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Танымал композитор, әнші Сәкен Қалымов «Бүгін live» бағдарламасына берген сұхбатында өзінің отбасындағы қиындықтар туралы баяндады, деп хабарлайды Qazaq.today.

Айтуынша, жас кезінде серілік құрып, Астанада тұратынын әйелі мен ұлынан бөлек кеткен.

«Астанаға арнайы іздеп бардым,  алдарынан өтейін дедім. Жарымды да, баламды да кінәламаймын. Қателік менен болды. Ол кезде жеңілтек өмір болды, ортамыз солай болды. Серілік құрған заман болды.  Бәріне атүсті қарадық. Әрине, құшақ жая қарсы алады деп бармадым. Бірақ тіл табыса алмадым. Мені қабылдамады. Енді дұға етіп жүрмін. Бұйырған күні бәрі жақсы болады деген үміттемін», – деді ол.

 

Яндекс.Метрика