Фото: видеодан скрин
Ұлытаудағы «аты бар, заты жоқ» колледж мәселесі жергілікті биліктің салғырттығын айқын көрсетіп отыр. Экономистердің айтуынша, бұл нысан тек қағаз жүзінде жұмыс істеп түр. Жастардың білім алу құқығына тікелей нұқсан келтіріп отыр, деп хабарлайды Qazaq.today порталы.
Алайда әкімдік жылдар бойы нақты тексеру жүргізбей, бәрін жай бір статистикалық көрсеткіш ретінде ғана қарастырып келген. Құр ғимарат тұрғанымен, оқу процесінің жоқтығы – мемлекеттік қаржының қайда жұмсалғаны жөніндегі үлкен сұрақ.
Тұрғындар «осындай бос нысандардың көбеюі өңірдегі кадр тапшылығының басты себебі» деп дабыл қағуда. Сарапшылардың пікірінше, әкімдік бұл жағдайды әдейі созбалап, нақты шешім қабылдаудан қашып жүр. Әлеуметтік сұранысқа сай келмейтін колледждерге бюджет құюды тоқтату – биліктің ең әуелі өзі бастауы тиіс реформа.
