Фото: stan.kz
Желіде актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаевтың фильміне қатысты әзіл айтқан “Ирина Кайратовна” тобының мүшесі Алдияр Жапарханов сынға қалды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әнші Threads желісінде жақында көрерменге жол тартқан “Ауру” фильмінің режиссерін белгілеп, жазба жариялаған.
“Ауру 2”, “Ауру в Бразилии” деген жоғынан, қазір айтып қояйын”, – деп жазған өнер иесі.
Бұған “Бизнес по казахски в Бразилии” филмінің авторы Нұрлан Қоянбаевтың өзі:
“Арақ ішіп, Көк тумен сахнаға шығу жоғынан”, – деп жауап берген.

Желі қолданушыларының өнер иесінің бұл әзілін теріс қабылдап, сынға алды.
“Әзіліңде мүлде логика жоқ. Әзіліңді Нұрлан Қоянбаевтың өзі де түсініп, қабыласа мейлі, ол кісі де түсінбеді ғой”, “Біреу туралы әзел айтпас бұрын өзіңізге қарап алыңыздар. Халық сіздерді бір-ақ сәтте бойкоттай алады. Сондықтан тыныш жүріңіздер”, “Кино шығардық екен деп қатты менменсіп кеттіңдерғой тегі. Киноларыңыз айтылған пікірлердің 70 пайызы фильмнің нашар екенін айтқан, одан да сол жағына жұмыстаныңдар!”, “Алдияр, жұлдыз болып кеттіңдер ме? Кішкене шу көтеріліп еді, адамдарға жоғарыдан қарайтын болыпсың ғой. Бауырым, төменге түс”, “Әзіліңіз ол кісіге ұнаған жоқ. Әзіл деген екі адамға бірдей күлкілі болуы керек”, “Алдияр сен оқыған жерде, Нұрған ағамыз ректор болған”, – деп жазып жатыр олар.
Қолданушылардың сынынан кейін “Ирина Кайратовна” тобының мүшесі желіде жазба жариялап, Нұрлан Қоянбаев оның бқұрынғы бастығы екені, оны өте қатты құрметтейтінін айтқан.
“Нұрлан Қоянбаев менің экс-басшым, оның қол астында жұмыс істегенмін. Оны қалай құрметтейтінімді ағаның өзі де біледі. Өтініш, хайп үшін бізді жау қылмай, түрлі мысалдарды келтірмей-ақ қойыңдар. Нұрекенің қазақ киносына жасаған жұмысын ешкім жоққа шығармайды, соңғы тредсты де түсініспеушілік болмасын деп өшірдім. Әзілді әзіл ретінде қабылдап, тырнақтың астынан кір іздемеңдер”, – деп жазды ол.
