Фото: Pixabay
Қазақстанның Қытаймен шекаралас аумағына жақын маңда жер сілкінді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы Қазақ ұлттық деректер орталығы хабарлады.
Сейсмологтардың ақпаратынша, жер сілкінісі 19 қарашада Астана уақытымен түнгі сағат 23:45-те тіркелген.
Дүмпу ошағы Қытайдың Шыңжаң өлкесі аумағында орналасқан. Орталық дүмпу магнитудасын 4,4 балл деп бағаланып отыр.
Ұлттық орталық жерасты дүмпуі болған жердің координаттарын жариялады. Жер сілкінісі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 500 км, ал Үрімшіден шамамен 300 км жерде болған.
