Петропавл: жаңа қырандар «Дала Қырандары» төсбелгілерін алды

Фото: Дала қырандары

8 қараша — петропавлдық қырандар үшін айрықша күн болды. Осы күні іріктеу кезеңінен сәтті өткен үміткерлерге «Дала Қырандары» қозғалысының төсбелгілері салтанатты түрде табысталды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Үміткерлер физикалық дайындық, ұйым жарғысы бойынша білім және сұхбаттан тұратын толық тексерістен өтті.

Ұйымдастырушылар олардың тәртібі, жауапкершілігі және қоғамға қызмет етуге деген дайындығын атап өтті.

Төсбелгі — олардың еңбегінің нәтижесі әрі қырандар қауымына қосылғанының белгісі.

Ұйым жаңа қырандарға алдағы жолында табыс тілеп, елге қызмет ету миссиясына адал болуды тіледі.

Яндекс.Метрика