Ақтөбе облысында оқушының жүктілігін анықтай алмаған дәрігерлер жұмысынан қуылды

Фото: Pixabay

Қазанда Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлер мектеп оқушысының жүктілік белгілерін үш рет анықтай алмағаннан кейін тексеру бастаған еді. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров есеп беру кездесуінде осы оқушыға қатысты жасалған қате диагноздар жөніндегі дауға жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Факт бар. Біздің тарапымыздан комиссия құрылды, тексерулер жүргізуі тиіс болған және бұл жағдайды ерте кезеңде анықтауы тиіс болған мамандарды қызметінен шеттету туралы дереу шешім қабылданды. Бірқатар қызметкерлер, соның ішінде аудандық білім бөлімінің басшысы да жауапқа тартылып, қызметінен босатылды», — деді әкім.

Оның айтуынша, күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалған, тергеу жүріп жатыр және тиісті сараптамалар жүргізілуде.

«Тергеу аяқталған соң нәтижесі жұртшылыққа хабарланады», — деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ өзі тергеуге араласуға құқығы жоқ екенін мәлімдеді.

13 қазан күні өңірдегі мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы босанды. Ол Ойыл ауданындағы орта мектепте оқиды және толық емес отбасынан шыққан. Барлық дәрігерлер мен жауапты мамандар жүктілік белгілерін үш рет байқамаған.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы босанғаны, баланың әкесі әжесінің күйеуі екені хабарланды.

Яндекс.Метрика