Фото: Pixabay
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында бастауыш сынып оқушыларын қашықтан білім беруге көшіру талаптарын жария етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Оның айтуынша, білім беру ұйымдарында оқушылар мен қызметкерлердің сабаққа қатысуы мен аурушаңдығы күн сайын бақылауда.
ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды анықтау үшін мектептерде таңертеңгі тексеру ұйымдастырылып, температуралық және дезинфекциялық режим қатаң сақталып отыр.
Министр өңір әкімдеріне де нақты түсініктеме берді. Бас санитар дәрігердің 28 тамыздағы қаулысына сәйкес, бастауыш сынып оқушылары арасында ауру деңгейі 30 пайыздан асқан жағдайда қашықтан оқыту режимін енгізуге негіз бар.
