Фото: видеодан скрин
Қазақстандық әнші Әли Оқапов жеке көлігін сатып жіберіп, қазір қала ішінде таксимен жүруге мәжбүр. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтып берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Әншінің айтуынша, көлікті сату уақыты дәл концерттер мен түрлі іс-шараларға толы қарбалас кезеңге тұспа-тұс келген.
«Машинамды дәл осы уақытта, осындай қарбалас кезде сатуым керек болды ма? Жарайды… Соңғы күндері таксиге жарты айлық еңбекақым кетіп жатқан шығар, бірақ тез. Парковка іздемейсің, әуре жоқ», – деп жазды ол.
