Фото: Depositphotos
Қостанай облысында интернет алаяқтық бойынша ірі іс тергеліп жатыр. Алаяқтар кәсіпкердің 24 миллион теңгесін алдап алған, деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі.
Полицияның мәліметінше, жәбірленушіге белгісіз біреулер қоңырау шалып, өздерін салық қызметкері етіп таныстырған. Олар қате толтырылған есеп туралы жалған хабар беріп, enbek.kz порталынан келетін SMS-кодты жіберуді сұраған.
Бірнеше минуттан кейін екінші қоңырау соғылып, алаяқтар бұл жолы өздерін полиция қызметкеріміз деп сендірген. Алаяқтар кәсіпкердің атынан несие алып, ақшаны шоттарға аудару арқылы тергеуге көмектесуді ұсынады.
Психологиялық қысымға ұшыраған кәсіпкер бірнеше несие алып, алаяқтар көрсеткен есепшоттарға 24 миллион теңге аударған.
Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің қызм
