Атырауда 70-тен асқан қария қанды қылмысқа барды

Фото: Pixabay

Атырау қаласында 70-тен асқан қария әйел адамды пышақтап тастады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 17 қарашада Атырау қаласының Геолог поселкесінде тұрмыстық сипаттағы жанжал салдарынан 59 жастағы әйел адам пышақ жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілген.

Полиция қызметкерлері күдікті 73 жастағы ер адамды жедел анықтап, ұстады. Ол жәбірленушінің туысы екені белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған дерек бойынша «Адам өлтіруге оқталу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау бағытында тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Яндекс.Метрика