«Мен Жұмашты емдеймін»: Тамара Асар қиын кезеңді қалай өткеріп жатқанын айтты

Фото: tamara_assar_official

Әнші Тамара Асар әлеуметтік желіде өзіне жұбату сөз айтып, қолдау білдірген көпшілікке алғыс айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жақында әншінің жолдасының ұлы өмірден өткен болатын. Өнер иесі қиын сәтте көрерменнің жылы сөзі өзіне демеу болғанын жеткізді.

«Баршаңызға рақмет. Сіздердің әрбір жылы сөздеріңіз менің жаным мен тәнімді емдейді. Мен Жұмашты емдеймін. Сөйтіп демесіп, күйбің өмірдің үйірінің жүрісіне ілесіп кету үлкен сауап…  Айғайлап ән айтқым келеді.  Дуылдаған ыстық овацияны естігім келеді. Кеудеме қолымды қойып, көрерменіме басымды иіп, ұзақ уақыт тізе бүгіп тұрғым келеді. Көрсетпеуге тырысып, тамаққа тығылған, әлдебір аралас күйдің көз жасына булыққым келеді. Көрерменнен келген хош иісі бұрқыраған гүлдерді құшақтағым келеді. Сахнаның артында әр тесік пен есіктен сығалап соққан желдің өткірлігінен, жауырыннан сорғалап аққан терге, тоңғым келеді… Махаббат өмір – жұма жібек…», — деп жазды әнші.

 

Яндекс.Метрика