Фото: instagram.com/toktar_beibit
Белгілі әнші Тоқтар Серіков отбасындағы бала тәрбиесі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ол қазіргі заманның қауіп-қатеріне алаңдап, ата-ана ретінде балаларын әрдайым бақылауда ұстайтынын айтты.
«Балаларымның қалтасын үнемі тексеремін. Өйткені қорқамын – бір зиянды зат, темекі немесе басқа нәрсе табылып қалса ше? Қазір заман күрделі, баланы бақылау – ата-ананың басты міндеті», – деді әнші.
Сонымен қатар, Тоқтар балаларға бөтен адамдардан ештеңе алмауды және интернеттегі қауіптерден сақ болуды үнемі ескертіп отыратынын айтты. Әншінің жары, Бейбіт Сейдуалиева да бұл тәсілді қолдайтынын жеткізді.
