«Тамақты алдына қойып, майкамен отыр: Мәжіліс отырысына онлайн қосылған қатысушы қазақстандықтарды таңғалдырды

Фото: видеодан скрин

Құрылыс кодексін талқылау жөніндегі жұмыс тобының отырысында күтпеген жағдай болды.Онлайн қосылған мамандардың бірі жанында тамақ пен сусынды қойып, экранға үйдегі майкамен шыққан. Видеоны Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев жариялап, бұл жағдай өзін ыңғайсыздандырмағанын, керісінше қазіргі талқылаулардың ашықтығы туралы ойландырғанын айтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы stan.kz-ке сілтеп. 

Депутаттың айтуынша, нағыз ашықтық дәл осылай көрінеді.

«Бейсенбі күні құрылыс кодексі бойынша жұмыс тобының отырысында бір қызық жайтқа көзім түсті. Талқылауға қосылып отырған мамандардың бірі – кәдімгі үй жағдайында, майкамен отыр. Қолында тамағы, жанында сусыны. Солай отырып бізді тыңдап, талқылауға қатысып отыр.  Бір сәт ойланып қалдым.Бұл тәртіпсіздік емес, қолжетімділіктің белгісі”, — дейді ол.

Депутат бұрын мұндайға ешқашан куә болмағанын, салада тәжірисі болса да, заң талқылауына дәл осылай еркін қатысу мүмкін болмағанын мәлімдеді.

«Ал қазір біз қандай форматта жиналсақ та, кәсіби орта өкілдері дәл сол уақытта пікірін қоса алады. Кім кеңседе, кім жолда, кім үйде бәрібір. Ең бастысы қатыса алады. Бұл – Мажілістің ашық, қолжетімді және шын мәнінде демократиялық жұмыс жүргізіп жатқандығының нақты дәлелі. Біз заңды кабинетте емес, саланың өз мамандарымен бірге ашық талқылап, айтысып, дәлелдеп жасап отырмыз. Шынымды айтсам, назар аудармай қала алмадым. Тіпті видеоға түсіріп алдым. Өйткені бұл – бүгінгі реформалардың мәнін көрсететін сәт», — деп жазды Болатбек Әлиев.

Желідегілер отырысқа қатысушының «тым жайбарақат» кейпін белсенді талқылады.

Біреулер «Мен жеткім келетін пофигизм деңгейі» деп әзілдесе,  біреу «Жаңа Қазақстан» деп жазған. «Бұл басынушылық, құрметсіздік және мәдениетсіздік» дейді тағы біреу оны сынға алып. Ал біреу отырысқа қатысушыны «сертификатталған пофигист» деп атап, оның «өз вайбында отырғанын» айтады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Болатбек Нажметдинұлы (@bolatbek_nazhmetdinuly)

Яндекс.Метрика