Фотосурет: kursiv.media
Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарының арыз-шағымына қатысты Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі bairaq_media Instagram—дағы парақшасына сілтеме жасап.
— Министр шығып, жауап беру керек еді. Ол жауап бермеген соң еріксіз президент араласты. Қорғаныс министрлігіне «Неге біз осы жоғары лауазымды тұлғалардың баласын әскерге баруға міндеттемейміз?» деген ұсыныс бергенмін. Солай болатын болса, мәселе өздігінше шешіледі деп ойлаймын. Қорғаныс министрі мен оның орынбасаларларының бәрі казармада жүретін болса, әскерде мұндай былық болмайтын еді, — деді Ринат Зайытов.
