Түркістан облысында мопед мінген ақсақалды қуған полицейлер оны өлтіріп ала жаздады

Фото: istockphoto.com

Түркістан облысының Келес ауданында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған мопед жүргізушісі учаскелік полиция инспекторларынан қашып кетпек болды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Otyrar.kz порталының мәліметінше ол тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған. Жүргізушінің бұл әрекеті жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндірді.

«Салдарынан ол полициядан қашып бара жатып, қарама-қарсы бағыттағы көлікпен соқтығысты. Алайда адам шығыны жоқ», — деп жазды портал.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жүргізушінің спирттік ішімдік ішкенін анықтады. Жасы 60-қа жуықтаған ер адамның мас күйде мопед басқарғаны медициналық қорытынды негізінде расталды.

Тексеру барысында оның бұған дейін сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Соған қарамастан көлік басқаруды жалғастырған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Яндекс.Метрика