Новороссийск портына дрон шабуылынан кейін мұнай бағасы көтерілді

Фото: Видеодан кадр

Ресей Новороссийск портында экспорттық операцияларды уақытша тоқтатты. Бұған Украина дрондарының ірі инфрақұрылымдық нысанға жасаған соққысы себеп болды. Сарапшылардың айтуынша, осы порт арқылы әлемдік мұнай тасымалының шамамен 2 пайызы өтеді.

Аталған оқиғадан кейін дүниежүзілік нарықтарда мұнай құны күрт өсті. Brent маркалы мұнай барреліне 64,39 доллар деңгейінде саудаланып, 2,1% өсім көрсетті. Ал WTI (Техас) маркасы 60,09 доллардан сатылып, 2,3% жоғарылады.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, 14 қарашадағы жағдай бойынша Атырау–Самара және Ақтау–Махачкала бағыттарындағы қазақстандық мұнайды қабылдау және тасымалдау жүйелері қалыпты режимде, ешқандай шектеусіз жұмыс істеп тұр.

Бұған дейін, ақпанда, Каспий құбыр консорциумының (КТК) «Кропоткин» станциясына да украиналық дрондар шабуыл жасаған еді. Сол кезде қазақстандық мұнайдың тасымалы уақытша шектелген болатын. Наурыз айында нысан тағы да шабуылға ұшырады. Кейінірек Украина мен Ресей КТК объектілеріне соққы жасамау жөнінде келісімге келгені туралы ақпарат тарады.

Новороссийск порты Ресей үшін стратегиялық маңызға ие Чёрное море бағытындағы басты мұнай логистикалық орталығы саналады. Сондықтан бұл аймақтағы терминалдар бірнеше рет дрон шабуылдарының нысанасына айналған.

Басқа бағыттар болғанымен, Новороссийск портының жабылуы әлемдік нарықтағы ұсынысқа әсер ететін маңызды фактор болып отыр.

Яндекс.Метрика