Фото: Видеодан скрин
Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовтің ісі бойынша сот процесі кезінде тілін көрсеткен Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Карабаевқа қатысты қандай шешім шыққаны белгілі болды.
Жоғары сот кеңесінің мәліметінше, Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі арнайы ауданаралық соттың судьясы Әбинұр Қарабаевтың әрекеті бойынша тәртіптік іс сот жюриінің отырысында қаралды.
Шешім нәтижесінде Әбинұр Қарабаевқа «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Айта кетейік, осыған дейін Шымкент сотының судьясы залдағы журналистке тілін шығарып, ерсі қылық танытқаны хабарланған болатын.
