«Қазақша қажет емес» деген банк дауға қалды

Фото: Видеодан алынған кадр

Home Credit Bank бөлімшесінде түсірілген видео қоғамда резонанс тудырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Онда банк қызметкерінің «қазақшасы керек емес» деген жауабын халық мемлекеттік тілдің мәртебесін жоққа шығаратын өрескел әрекет ретінде бағалап отыр.

Сарапшылар мұндай қарым-қатынастың қаржы ұйымы үшін имидждік соққы екенін, ал клиентке құрметтің мүлде сақталмағанын айтады. Банк филиалында мемлекеттік тілдегі ақпараттың болмауы – талапқа ғана емес, қазіргі қоғамның сұранысына да қайшы.

Үкімет мемлекеттік тілді қолдау туралы шешімдер қабылдап жатқанда, ірі қаржы ұйымының бұлай әрекет етуі ашық немқұрайдылықты көрсетеді дейді мамандар. Бұл оқиға банктердің қызмет көрсету мәдениетін қайта қарау қажеттігін айқын дәлелдеп берді.

Яндекс.Метрика