Фото: видеодан скрин
Бүгін түнде Бельгия құрамасы мінген ұшақ елорда әуежайына қонды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Олар футболдан Әлем чемпионаты — 2026 іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасына қарсы алаңға шығады.
Еске сала кетейік, 15 қарашада «Астана Арена» стадионында Қазақстан және Бельгия ұлттық құрамалары арасында футбол матчы өтеді.
Жанкүйерлер үшін қала әкімдігі арнайы автобустар ұйымдастырады. Автобустар 16:00-ден бастап жүре бастайды.
