Семейдегі мәдениет үйі — қоқыс қоймасын еске салады. Әкімдік неге көз жұмып отыр?

Фото: Видеодан алынған кадр

Семейде қала әкімдігінің немқұрайлығынан балалар халықаралық деңгейдегі конкурстарға лайықсыз жағдайда дайындалуға мәжбүр. Әлеуметтік желілерде тараған видеода жергілікті тұрғындар қалалық мәдениет үйінің ішкі жағдайын ашық көрсетіп, «лас, кір, кіруге қорқамыз» деп дабыл қақты. Айтуларынша, ғимаратқа жылдар бойы жөндеу жасалмаған, қабырғалар тозған, едендер қараусыз, ал жарықтандыру мен санитарлық талаптар сын көтермейді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

«Баламның костюмі былғанып қалмасын деп көтеріп жүрмін. Халықаралық конкурсқа келгендер осыны көрсе, намысқа тимей ме?» — дейді ата-аналардың бірі.

Тұрғындар әкімдікке бірнеше рет шағымданғанын, бірақ жауап болмағанын айтады. «Қалалық мәдениет үйінің әкімшілігіне бәрібір ме? Ұқпадым», — дейді бейнежазба авторы.

Ата-аналар өңір басшылығынан жағдайды дереу қолға алуды талап етеді. «Мәдениет балалардан басталады. Бибігүл апамыздың атына лайық ғимарат болуы керек», — деп жаз

Яндекс.Метрика