Шерхан Қалмұрза бастаған жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде жеңіске жетті

Фото: IMAGO/Maciej Rogowski/ТАС

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында Ирландия құрамасын 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Тартысқа толы матчтың алғашқы таймында қос команда да есеп аша алған жоқ.

Алайда екінші таймда қазақстандық жастар ойынның қарқынын күшейтіп, басымдықты өз қолына алды.

Нәтижесінде 56-минутта Азамат Тұяқбаев қарсыластың қақпасынан саңылау тауып, жеңіс голын соқты.

Матчтың 90-минутында Кәрім Махаметжан ойын тәртібін бұзғаны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осылайша қазақстандықтар соңғы минуттарды 10 ойыншымен өткізді. Соған қарамастан Ирландия құрамасы есепті теңестіре алмады. Бұл ойында Қазақстан құрамасының қақпасын қорғаған Шерхан Қалмұрза сенімді ойын көрсетті. Ол матчтың соңына дейін қақпасын құрғақ сақтап, команданың жеңісіне зор үлес қосты.

Айта кетейік, бұл нәтиже шағын сенсация болды, себебі кездесу алдында фаворит ретінде Ирландия құрамасы саналған еді. Енді Қазақстан жастар құрамасы 15 қараша күні Нидерландиямен, ал 18 қарашада Кипрға қарсы ойнайды.

Яндекс.Метрика