Мұнай өнімдерін шетелге сатуға салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылды

Фото: rmrail.ru

Тиісті бұйрыққа Энергетика министрі қол қойды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Қазақстан мұнай өнімдерін шетелге сату тыйымын ұзартты. Бұл шешім ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылдың 20 қарашасынан 2026 жылдың 20 мамырына дейін Қазақстан аумағынан автомобиль және теміржол көлігімен мұнай өнімдерін, соның ішінде бензин, дизель отыны және бірнеше басқа да мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салынады.

Бұл шектеу Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне де қолданылады.

Аталған шектеулер:

  • жанар-жағармайлар;
  • көлік құралдарының зауытта орнатылған бактарындағы отын;
  • ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарына арналған авиаотын (уәкілетті органмен келісілген жағдайда);
  • Үкімет шешімімен жүзеге асырылатын гуманитарлық көмекке қолданылмайды.

Бұған дейін Қазақстанда мұндай шектеулер бірнеше рет енгізілген. Ол кезде бұл шаралар нарықты теңестіріп, бағаның өсуін тежеу және жанармайдың көрші елдерге заңсыз шығарылуын болдырмауға мүмкіндік берді.

 

Яндекс.Метрика