Фото: видеодан скрин
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге тіркелу жасына шектеу қою мәселесін көтерді
Бүгінде балалар TikTok пен Instagram желілерінде бес-алты жасынан бастап ешқандай ата-ана рұқсатынсыз және жеке тұлғаны растаусыз аккаунт аша алады.
«Басқа елдерде мұндай шектеулер әлдеқашан енгізілген. Мәселен, Дания мен Аустралияда тіркелуге тек 15–16 жастан бастап рұқсат етіледі. Ал АҚШ, Англия және Ирландияда ата-ананың арнайы рұқсаты мен міндетті верификация талап етіледі. Біз де осы заң аясында осындай норманы қарастыра аламыз», – деді Аймағамбетов Парламент отырысында.
Депутат сонымен қатар мектептерде смартфон қолдануға тыйым салу мәселесін де көтерді. Оның айтуынша, Англия, Нидерланд және еліміздегі жетекші оқу орындарында – НЗМ мен БИЛ-де – мұндай шектеулер бар және ол өз нәтижесін көрсеткен: оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарып, үлгерімі артқан.
Ал Көркем интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун әзірге мұндай бастама Цифрлық кодекс аясында қарастырылмайтынын айтты.
«Біз толық тыйым салуды жоспарлап отырған жоқпыз. Басты мақсатымыз – балалардың технологияны, интернетті және жасанды интеллектіні қауіпсіз пайдалануына жағдай жасау», – деді вице-министр.
