Фото: видеодан скрин
Грузияда түрік әскери-транспорт ұшағы C-130 апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың толық аты-жөндері белгілі болды. Түркия Қорғаныс министрлігі қаза тапқандардың тізімін жариялап, бортта болған 20 әскери қызметші қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі.
Мәлімдеме X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жарияланған.
«Біздің әскери жолдастарымыз 2025 жылдың 11 қарашасында Әзербайжаннан елімізге бет алған C-130 әскери-транспорт ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапты», – делінген ведомство хабарламасында.
