«Оны кеуде тұсынан ұрған»: Түркістанда 9-сынып оқушысы қайтыс болды

Фото: polisia.kz

Оқиға 3 қарашада орын алған.

Түркістан облыстық Полиция департаменті оқиғаны растады.

«3 қараша күні Түркістан қаласында орналасқан мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы қайтыс болды. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қызмет көрсету тобы қажетті іс-шараларды өткізді. Алдын ала мәліметтер бойынша, тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасының кеуде тұсынан ұрған. Соққыдан кейін оқушы оқиға орнында қайтыс болды,» – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер күдіктіні және оқиғаға қатысқандарды ізін суытпай ұстады.

Тергеу полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді.

Яндекс.Метрика