Жамбыл облысындағы «Ұлы дала» 15-шағынауданының 1025 үйі төрт жылдан бері жылу мәселесін шеше алмай, әкімдік есігін тоздырғанын айтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Тұрғындар түн ішінде аулаға жиналып, облыс әкімі Ербол Қарашөкеевке ашық үндеу жасады.
Айтуларынша, үйлердің қабырғасы қисайған, төбеден су ағады, линолеум көтеріліп, есіктер сапасыз пластиктен жасалған.
Қатты желде пәтер ішінде «ұлып тұрғандай» дауыс естілетіні – құрылыс сапасының қаншалықты төмен болғанын көрсетеді.
Тұрғындар әкімдіктің құрылыс компанияларын дұрыс тексермей, төмен сапалы үйлерді қабылдап алғанын ашық сынауда.
«Төрт жылда бір мәселені шеше алмаған әкімдік халқымызды мазақ етіп отыр», – дейді жиналған жұрт.
