Көкшетауда 15 жастағы қызды иттер талап тастады

Фото. видеодан скрин

Жантүршігерлік жағдай Застанционный шағынауданында болған. Оқушы қызды 5-6 ит қоршап алып, талап тастаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, иттердің ортасында қалған 15 жастағы қыз өзін сабырлы ұстады, айғайлып, оқыс әрекеттер жасамады. Мұндай қимылдың жағдайды ушықтыратынын білшне. Соған қарамастан иттердің бірі қызға шабуыл жасап, тістеп алған.

Зардап шеккен қыз туа бітті жүрек ауруымен ауыратыны белгілі болды. Ата-анасының айтуынша, мұндай балаларға кез келген күшті эмоциялық күйзеліске түсуге болмайды. Енді олар қызын күн сайын емханаға апарып, дәрі алып, таңғыштарын ауыстырып отыруы керек. Қыз 10 желтоқсанға дейін ем алады.

“Тіпті біз, ересектер дәрменсіз күйде қалдық, балаларымызды қорғай алмай отырмыз”, — делінген тұрғындардың Көкшетау қаласының әкімі Ануар Кумпекеевке жолдауында.

Halyqstan Telegram арнасының мәліметінше, жергілікті тұрғындар қаңғыбас иттер мен иелері өз бетінше серуендеуге жіберетін үй жануарлары туралы мәселені бірнеше рет көтерген. Алайда олардың сөзінше, тиісті қызметтер ешқандай шарпа қолданбаған.

Застанционный шағынауданының тұрғындары енді балаларын мектепке жіберуге қорқып отыр.

“Бүгін бала зардап шекті, ал ертең бұл кез келгеніміздің басымызға келуі мүмкін. Сұмдық жағдай болмай тұрғанда биліктен осы мәселеге қатысты әрекет жасап, нақты шара қабылдауды сұраймыз”, – дейді тұрғындар.

Айта кетейік, Көкшетауда үй жануарларын ұстау және олардың санын реттеу ережелері бар.

Осы талаптарды бұзған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алайда тұрғындардың айтуынша, ережелердің орындалып жатқанан ешкім қадағаламайды.

Яндекс.Метрика