Фото: Pixabay
Қазақстанның бірқатар өңіріндегі республикалық автожолдарда ауа райының күрт нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
10 қарашада еліміздің бірнеше аймағында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ пайда болады.
Мына облыстарда бұл ауа райы болжанып отыр:
- Ақмола;
- Шығыс Қазақстан;
- Солтүстік Қазақстан;
- Қарағанды;
- Жамбыл;
- Алматы;
- Павлодар;
- Жетісу;
- Абай.
Бұл аймақтарда көріну шектеулі болуы, жол беті тайғақ және қар жабындары пайда болуы мүмкін.
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауды, көліктер арасындағы арақашықтықты ұстануды және жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң орындауды ұсынады.
Тайғақ немесе ылғалды қар жағдайында күрт бұрылу, тежелу және алға шығу жол апаты қаупін арттыратынын ескерген жөн.
Жолдардың қазіргі жағдайы мен шектеулер туралы ақпарат алу үшін жүргізушілер 1403 нөміріне хабарласа алады.
