Фото: Видеодан скриншот
Тойлардың бірінде тым ашық билеген бойжеткен жұрттың сынына қалды.
Желіде тараған видеода тойдың қай өңірде болғаны белгісіз. Алайда видео авторы «Бәрін өзіне қаратқан шымкенттік ару» деген жазба қалдырған.
Әлеуметтік желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір қалдырды.
«Құдаааай, мына екі есерсоқ осы әрекеттерін бір керемет деп ойлап тұр-ау», «Ұятты жерінің бәрі көрінді-ау», «Осы сәтті ұзақ күткен сияқты ғой», «Қатырдық деп шықты ғой енді. Шымкентте ғана емес, барлық жерде бар», «Мынауың тойды шатастырып алды-ау», «Не әдет осы, қайсы тойды қарасаң осылай, бұл жер цирк емес қой», «Орта жасқа келіп, бата беріп жүрер шағында осындай болса, басқа жастарға не айтуға болады», — деп жазды желі қолданушылары.
View this post on Instagram
