Фото: видеодан скрин
Степногорскіде өткен балалар арасындағы спорттық жарыстан кейін бапкерлер жұдырықтасып қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Әлеуметтік желідегі region03.kz парақшасында олардың төбелесіп жатқан видеосы тарады. Оқиға жарыс аяқталған сәтте трибуна маңында болған.
Куәгерлердің айтуынша, қақтығысқа төрешінің шешімі себеп болған. Ата-аналар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Қазір оқиғаға байланысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр.
