Жамбыл облысында 16 жастағы колледж студенті өлі күйінде табылды

Фото: Pixabay

Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында қайғылы оқиға болды — алдын ала мәлімет бойынша, №3 Байзақ колледжінің 16 жастағы студенті өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Болжам бойынша, оқиға қарсаңында жасөспірім әкесінің көлігін зақымдап алған. Кейін оны шаруашылық ғимараттарының бірінен өлі күйінде тапқан. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барлық нұсқаларды қарастыруда.

Көршілері мен таныстарының айтуынша, жасөспірім өскен отбасы — үлгілі жанұя: ата-анасы жұмыс істейді, үлкен балалары студент, ал кенже қызы мектепте оқиды.

Бұған дейін аймақта кәмелетке толмағандар арасындағы суицид пен құқықбұзушылық көбейген соң, өңірге Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Мәжіліс депутаттары және республикалық комиссия мүшелері келген еді.

Мемлекеттік органдардың назар аударуына қарамастан, өңірде, жалпы Қазақстан бойынша да, балалар мен жасөспірімдер арасындағы өлім-жітім мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Қыркүйек айында Алматыда жеке мектептің 17 жастағы оқушысы оқу орнынан шығарылғаннан кейінгі күні өз-өзіне қол жұмсаған болатын.

Яндекс.Метрика