Көкшетау халқы лай су ішіп отыр

Фото: Видеодан кадр

Көкшетау тұрғындары бірнеше аптадан бері краннан аққан лай суды ішуге мәжбүр. Вернадский 17 тұрғындары әлеуметтік желіде судың түсі мен иісіне шағымданып, жауапты мекемелерді әрекетсіздікке айыптауда. Әкімдік бұл жағдайды “уақытша техникалық ақау” деп түсіндіргенімен, мәселе бірнеше жыл қатарынан қайталанып келеді. Сарапшылардың айтуынша, Көкшетаудағы су тазарту жүйесі ескірген және заманауи сүзгілеу технологиясы қолданылмайды. Бұл — билік тарапынан ұзақ жылдар бойы шешімін таппаған инфрақұрылымдық немқұрайдылықтың көрінісі. Экологтар таза ауызсуға қолжетімділік — ең базалық құқық екенін еске салып, жергілікті билікті нақты шара қабылдауға шақырды. Ал қарапайым халық күн сайын дүкеннен су сатып алып, “табиғи байлығымызға өзіміз қол жеткізе алмай отырмыз” деп күйінуде.

Сілтеме: Inst — sinegor.kz

Яндекс.Метрика