Фото: whitehouse.gov
АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйдің Овал кабинетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Фотосуреттер Ақ үйдің баспасөз қызметінің ресми сайтында жарияланды.

Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік, сауда-экономикалық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.




