Фото: polisia.kz
Тергеу барысында 30 жастағы ер адамның интернетте жалған хабарландырулар жариялап, азаматтарды алдағаны анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласының тұрғыны интернет арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта оның алаяқтық әрекетінен зардап шеккен 6 адам анықталды: үшеуі Ақтөбеден, қалғаны Алматы және Түркістан облыстарынан. Жәбірленушілер Алматы қаласынан бірнеше тәулікке пәтерді жалға алуға келісіп, күдіктіден 20 мыңнан 130 мың теңгеге дейін алдын ала төлем сұраған. Ақша алғаннан кейін күдікті байланысқа шықпаған. Осылайша, ол азаматтардан шамамен 300 мың теңге жымқырып алған. Бұл қаржыны ол құмар ойындарға жұмсаған.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еліміздің басқа өңірлерінде де оның алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар анықталуда.
