Жаңа тапсырыс 2032-2035 жылдар аралығында жеткізілмек, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Air Astana» әуе компаниясы Boeing 787-9 Dreamliner ұшақтарын жеткізу жөнінде Boeing компаниясымен келісімге қол қойды.
Әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл тапсырыс бұған дейінгі үш Boeing 787-9 ұшағын жеткізу туралы келісімді толықтырады. Аталған ұшақтар 2026-2027 жылдары жеткізіледі деп болжануда, нәтижесінде жалпы саны 18 ұшаққа дейін ұлғаяды.
Жаңа тапсырысты 2032-2035 жылдары аралығында жеткізу жоспарланған.
Сондай-ақ, 18 Boeing 787-9 ұшағының (қозғалтқыштарымен қоса) жалпы құны 7 миллиард АҚШ долларын құрайды.
