Батыс Қазақстанда ашылғанына екі жыл ғана болған мектеп қирап жатыр

Фото: Видеодан алынған кадр

Батыс Қазақстан облысындағы Магистральное ауылында екі жыл бұрын пайдалануға берілген мектеп қирап жатыр. Ғимарат қабырғасына сызат түсіп, едені ойысып, бірқатар бөлмелер жарамсыз күйге келген, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Білім ордасының мұндай жағдайға жеткені туралы алғашында ешкім хабарламаған. Тек қазан айының соңында оқу орнына жаңа директор келген соң, ол қауіпсіздік мәселесін көтеріп, тиісті органдарға дабыл қаққан.

Оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігіне алаңдаған басшылық оқыту процесін уақытша тоқтатуға шешім қабылдаған. Қазір балалар көрші ауылдардағы мектептерге ауыстырылып, олардың тасымалы ұйымдастырылған. Сондай-ақ, кезекші мұғалімдер бекітілген.

Ал құрылыс басқармасы зақымдалған қабырғалар мен едендерді бұзып, қалпына келтіру жұмыстары жақын күндері басталатынын хабарлады.

Жергілікті тұрғындар сапасы сын көтермейтін құрылыстың екі-ақ жылда апатты күйге түскеніне наразы.

Яндекс.Метрика