«Мен де ажырасамын демедім»: Мөлдір Әуелбекова еркектер туралы ойын айтты (ВИДЕО)

Фото: Instagram/moldir.auelbekova

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі парақшасында жазба жариялап, ерлер қауымына үндеу жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарт порталы.

Екі рет тұрмыс құрған әнші ажырасу туралы ойы болмағанын ашық айтты.

“Бірге жанымыз!”. Осы әнді орындағанымда мен де, ажырасамын деп ойламадым. Ешқандай қыз ажырасамын деп күйеуіге шықпайды. Ол — міне менің тірегім, арқа сүйер азаматым деп, сенім артады емес пе…? Бірақ өкініштісі әйел былай тұрсын, балаларынан безіп отырған бір сондай жауапсыз еркетерден құралған бір буынды көріп отырмыз. Иә, бәріне топырақ шашпаймын. Небір мықты азаматтар баршылық қой. Дегенмен, жауапкершілігі отбасы түгілі өз өзіне жете алмай жатқан ерлер басымырақ болып тұр… Бұл біз өмір сүріп отырған өз қоғамымыздың қазіргі дерті. Отбасын құрбан ете салатын, жеме жемгенде келгенде бәріне оп-оңай қол сілтей салатын ерлер, біраз ой жүгіртіп жинақталатын кездерің келді. Қыздарымыз үшін! Нәзік жандылар үшін! Аналар үшін! Болашақ ұрпақ үшін! Ұлтымыз үшін!», — деді Мөлдір Әуелбекова.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADEMI KYZ (@moldir.auyelbekova)

Яндекс.Метрика