Қостанай облысында кәсіпорын жұмысшыларына 21,7 млн теңге жалақысын бермеген

Фото: Ұлттық статистика бюросы

Қостанай ауданы прокуратурасының талдау нәтижесінде «Қазақ тұлпары» ЖШС қызметкерлеріне еңбекақы төленбегені анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Аудан прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру үшін облыстық Еңбек инспекциясы департаментіне талап жолдаған.

— Тексеру нәтижесінде қызметкерлердің конституциялық құқықтарының бұзылғаны расталып, департамент жұмыс берушіге 39 қызметкер алдындағы 21,7 млн теңге жалақы қарызын өтеу жөнінде нұсқама енгізді.

Сонымен қатар жіберілген құқық бұзушылықтар үшін кәсіпорынға 157 200 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, — делінген бақылаушы органның ақпаратында.

Яндекс.Метрика