Фото: baq.kz
Қазақстан Ұлттық банкінің орынбасары Берік Шолпанқұлов хабарлады: жақында «Банктер және банктік қызмет» заңы қабылданса, елде криптовалютаны сатып алуға арналған арнайы платформа – «регуляторлық песочница» ашылады.
Оның көмегімен кез келген адам криптокошелек ашып, өзіне ұнайтын криптовалютаны сатып ала алады. Тіпті қолма-қол ақша арқылы да криптовалютаның белгілі бір мөлшерін алу мүмкіндігі болады.
Берік Шолпанқұлов сенім білдіреді: заң қабылданған соң 2026 жылы криптовалютаны пайдаланушылар саны көп есе артады.
Криптовалюталар арасында стейблкойндар да болады. Бұл – нақты ақшаға немесе нақты қаржы құралдарына тіркелген криптовалюта. Мысалы, теңге немесе акция, тауар, валюта сияқты активтермен қамтамасыз етілген.
Бұл жаңалық Қазақстанда криптовалютаны қауіпсіз және қолжетімді етуге бағытталған.
