Фото: 2gis.kz
Қазіргі кезде Оралдан Астана, Алматы, Ақтау және Қарағанды қаласына әуе рейстері қатынайды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Атырау мен Орал қалалары арасында қатынап жүрген әуе рейсі 1 қарашадан бастап ұшпай қалды.
Орал әуежайының баспасөз қызметі хабарлағандай, Qazaq Air әуе компаниясынан Атырау-Орал бағытындағы тұрақты ұшулар 1 қарашадан 28 наурызға дейін тоқтатылады.
«Аталмыш рейс аптасына 4 рет ұшып жүрген. Әуе компаниясы тоқтату себебін айтпады. Сонымен қатар Атырау-Ақтөбе бағытындағы рейс те жабылды,» – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
