Шығыс Қазақстанда тағы 3 жолда көлік қозғалысы шектелді

Фото: ҚазАвтоЖол

Шектеулер бүгіннен бастап қыс мезгілінің соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше жолда кейбір көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.

«Өскемен-Тарғын-Самар тасжолының 63-145 шақырымында, Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік тасжолының 18-60 шақырымында және Теректі-Ұрұнхайка-Төсқайың тасжолының 7-57 шақырымында кез келген үлгідегі тіркемелері немесе жартылай тіркемелері бар жүк көліктері мен тракторлардың қозғалысына шектеулер енгізіледі. Сондай-ақ облыстық маңызы бар жолдарда механикалық көлік құралдарын сүйретуге тыйым салынады», – делінген ақпаратта.

Көлік жүргізушілері жолдағы шектеулер жөнінде ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласып біле алады.

 

Яндекс.Метрика