Елордада «Триумф Астана» тұрғын үй кешенінің маңында автокөлік тұтанды. Қара түтін бұлттары аспанға көтерілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
ТЖМ-нен комментарий келді:
«Қабанбай батыр даңғылында газ баллондық жабдықтары бар жеңіл автокөлік өртенді. Өрттің себептері нақтылануда».
Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.
