Қызылордада көкпар ойыны қанды оқиғаға ұласты: көлік мінген адам аттарды қағып өтті

Фото: видеодан скрин

Қызылордада көкпар ойыны кезінде күтпеген жағдай болды. Ойын өтіп жатқан алаңға жеңіл көлік кіріп, бірнеше атты қағып өткен, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші көлікті жоғары жылдамдықпен айдаған. Оқиға орнында бірқатар аттар жарақат алған, көкпаршылардың да жараланғаны хабарлануда. Полиция оқиға орнына дереу жетіп, жүргізушіні ұстады. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Яндекс.Метрика