Фото: https://www.instagram.com/bydastann
Танымал қазақстандық саяхатшы-блогер Дастан Мұхамедрахимның видеосын Instagram-ның ресми парақшасы жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Видеоны жариялаған ресми парақша жазбасында Қазақстанның кең даласы туралы жазылған.
«Frolicking in the fields of Kazakhstan (Қазақстанның кең даласында еркін серуендеп жүрмін)».
Instagram-ның ресми парақшасының 696 миллион жазылушысы бар. Бұл – еліміздің әсем табиғатын бүкіл әлем көреді деген сөз. Олардың қатарында Цукерберг пен басқа да танымал тұлғалар бар. Қазақстанның ғажайып табиғаты бейнеленген ролик 37.5 миллионнан астам қаралым жинады.

Фото: https://www.instagram.com/bydastann?
