Фото: видеодан скрин
Қытай шекарасында қазақстандық вагондар апталап тұрып қалды деген шағымдар көбейді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мұндай жағдайдың себебін түсіндірді. Ведомствоның айтуынша, транзит аймағынан алдымен шетелдік жүктер өткізіледі – бұл қалыпты тәжірибе. Министрлік қазақстандық тарап барлық құжаттарды уақытында тапсырғанын мәлімдеді. Қазір мәселе Қытай Республикасының тиісті министрлігімен бірлесіп талқыланып жатыр. Екі елдің құзырлы органдары жақын күндері кездесіп, түйткілді толық шешуге уағдаласқан. Ал сарапшылардың пікірінше, Қытай тарапы фитосанитариялық тексерісті күшейткен соң, осындай кідірістер жиілеген.
